«Ана деп соққан жүректер» атта концерт

«Ана деп соққан жүректер»   атта концерт

Еңбекші ауылдық округіне қарасты Зылиха Тамшыбай ауылының Мәдениет үйінде әкімшілік пен мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастыруымен «Ана деп соққан жүректер» атты мерекелік концерттік шара өтті.

Шараның басты мақсаты – аналарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы және отбасындағы ерекше орнын дәріптеу, ізгілік пен мейірімділікті насихаттау.

Мерекелік кеш барысында округ әкімі Кобдалиев Мурат Мұқашұлы сөз сөйлеп, барша аналарды және әйел азаматтарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ ауылдың қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген бірқатар аналарға Алғыс хаттар табыстап, келген қонақтарға гүл шоқтарын сыйлады.

Концерттік бағдарлама өте әсерлі өтті. Шараға ауданнан арнайы келген өнерпаз әншілер өздерінің әсем әндерін тарту етсе, ауылымыздың кішкентай бишілері сахнада өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік кеш барысында аналарға арналған әндер шырқалып, жүрекке жылы сөздер айтылды. Көрермендер көтеріңкі көңіл күймен тарқап, аналарға деген алғыстары мен ақ тілектерін білдірді.