Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз;
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар;
- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз;
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз;
- Қоршау белгілеріне назар аударыңыздар;
- Айналаңызда адамдар немесе құтқарушылар болмаса суға түспеген абзалырақ болады;
Ескертпе: Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі  аумағында суға түсуге арналған арнайы жабдықталған орындар жоқ.