
Алғабас ауылдық округінде аппараттық жиын өткізілді.
Жиын барысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары, сондай-ақ 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
Мекеме басшылары өз салалары бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларын таныстырды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.