
2026 жылғы 2 сәуірде Алғабас ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза бейсенбі» санитарлық-тазалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға ауылдық округ әкімдігі қызметкерлері, мекеме ұжымдары және жергілікті тұрғындар қатысып, елді мекен аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Аталған шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, санитарлық жағдайды жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.