💡 ҚЫЗЫЛТОҒАН АУЫЛЫНДА КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

💡 ҚЫЗЫЛТОҒАН АУЫЛЫНДА КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

💡 ҚЫЗЫЛТОҒАН АУЫЛЫНДА КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы, аудан әкімінің орынбасары Мәди Мырзатайұлы, ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімінің басшысы Қуаныш Ержанұлы, сондай-ақ Алғабас ауылдық округінің әкімі Әлішер Қайратұлы Алғабас ауылдық округіне қарасты Қызылтоған ауылында жүргізіліп жатқан көше жарықтандыру жұмыстарымен танысты.

Аталған жоба аясында мердігер мекеме – «Алакөл-Асыл-Құрылыс» ЖШС тарапынан Лабилданов, Ысқақ және Жаңа көшелеріне заманауи көше жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бастама ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, кешкі уақытта еркін жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жалпы, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табуда.