
Наурызнама: «Мөлдір бұлақ» – табиғатқа қамқорлық белгісі
Наурызнама онкүндігі аясында Алғабас ауылдық округінде «Тазалық күніне» орай «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Аталған шараның мақсаты – бұлақ көздерін тазалау, табиғи су көздерін қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
✨ Акция барысында:
🔹 Бұлақ көздері тазартылып, айналасы ретке келтірілді
🔹 Қоқыстар жиналып, аумақ абаттандырылды
🔹 Тұрғындар арасында табиғатты қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Іс-шараға ауыл тұрғындары, жастар және мекеме қызметкерлері белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
💧 «Мөлдір бұлақ» – бұл тек тазалық шарасы ғана емес, келер ұрпаққа таза табиғат қалдыруға бағытталған маңызды бастама.