
Алғабас ауылдық округінде Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті 🌿
«Наурызнама» онкүндігі аясында мерекелік іс-шаралар округке қарасты Алғабас және Қызылтоған ауылдарында ұйымдастырылып өткізілді.
Мерекелік бағдарламаларда ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, ауыл өнерпаздарының концерттері, ұлттық ойындар мен тағамдар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Ақ дастарқан жайылып, тұрғындар бір-біріне ізгі тілектерін арнады 🤝
Ұлыстың ұлы күнінде ауыл жұртшылығы бір арнаға тоғысып, ауызбіршілік пен татулықтың үлгісін көрсетті. Ақсақалдар бата беріп, ақ жаулықты аналарымыздың өнегесі жас ұрпаққа тағылым болды.
Баршаңызды Әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! 🌸
Береке мен бірлік әр шаңырақта орнасын!