
Наурызнама: Тазалық – жаңарудың бастауы! ✨🌱
********
Бүгін «Наурызнама» онкүндігінің аясында Алғабас ауылында «Тазалық күніне» орай ауқымды сенбілік өтті. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясымен ұштасқан бұл шара ауылымыздың көркін ашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ұлыстың ұлы күнін тазалықпен қарсы алу — бабадан қалған асыл мұра. Осы игі іске атсалысқан:
✅ Ауылдағы барлық мекеме қызметкерлеріне;
✅ Белсенді ауыл тұрғындарына;
✅ Тазалықты жанына серік еткен жастарға алғыс білдіреміз!
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде көшелер қоқыстан арылып, арық жүйелері тазартылды. Тазалық бар жерде — береке бар! 🇰🇿