
Алғабас ауылдық округінде 21 мамыр күні есептік кездесу өтті.
Алғабас ауылдық округінің тұрғындарымен округ әкімі Жұмабек Әлішер Қайратбекұлы 2025 жылғы 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстары және алда атқарылатын қызметі туралы Алғабас ауылының тұрғындары мен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында халықтың сұрақтары тыңдалып, ұсыныстар қабылданды. Тұрғындар көтерген мәселелерді шешу жолдары талқыланып, алдағы жоспарлар таныстырылды.
Бұл есептік кездесу «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес округ әкімдер тұрғындар алдында ашық есеп беру кездесулері өткізіледі
Осындай ашық диалог алдағы уақытта да жалғасатын болады!