Жаңару күні

Жаңару күні

Бүгін – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты. Наурызнамаға енгізілген «Жаңару күні» жұртшылық көктемгі ағаш егу дәстүрін орындайды. Еске сала кетейік, Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған.Мерекеге орай барлық мекемелерде ағаш көшеттері отырғызылды.