1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні

Айнабұлақ ауылдық округінің № 12 орта мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Бірлігі жарасқан Қазақстан" атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға әкімшілік мамандары мен мекеме басшылары қатысып, барлығын еліміздің басты құндылықтарының бірі – Бірлік пен келісім мерекесімен құттықтады. "Бұл күн бейбітшілік пен достықтың, ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің символына айналған ерекше мереке. Бүгінгі таңда біздің Біртұтас және гүлденген елімізде ұлттар бір мақсатқа, бір мүддеге, ортақ болашаққа ұмтылады және қасиетті шаңырақ астында бірге өмір сүреді-деп тіледі қонақтар. Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналар ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырды, онда қолөнершілердің туындылары ұсынылды. Сонымен қатар, әр ұлттың салт-дәстүрлерін баяндайтын сахналық қойылымдар көрсетіліп, концерттік бағдарлама көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.