Заң мен тәртіп

Заң мен тәртіп
  • Бүгін, 2026 жылғы 13 сәуірде Көксу АІІБ-ң бірінші орынбасары, полиция майоры О.А. Қабидолданов, УПИ УДО полиция капитаны А. Т. Тасболатова және аудандық полиция бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен "Заң және тәртіп" жобасы аясында Айнабұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен ашық диалог өтті. "Заң және тәртіп" бұл-полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған кездесулер. Осы шаралар шеңберінде халықпен, жастармен сұрақ-жауап форматында лудомания, киберқауіпсіздік және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланатын болады. Жастар мен халықтың құқықтық хабардарлығын арттыру, Киберқауіпсіздіктің, интернет алаяқтық пен қорқытудың алдын алу.Аудандық полиция бөлімі басшылығының халықпен тікелей байланысы, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою арқылы сенімді нығайту. "Заң және тәртіп" идеологиясы: жалпы әділеттілік пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.