Интернет-алаяқтар белсенділігін арттыруда

Интернет-алаяқтар белсенділігін арттыруда

🚨 Интернет-алаяқтар белсенділігін арттыруда

Алаяқтар жалған инвестициялық платформалар жасап, deepfake технологиясы арқылы танымал адамдардың бейнесі мен дауысын пайдаланып, азаматтарды алдауда.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «жоғалған инвестицияны қайтарып береміз» деген жалған қызметтер де жарнамалануда. Бұл – бұрын ақша жоғалтқан азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схемасы.

⚠️ Сақ болыңыз:

  • Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз
  • Жеке және банктік деректеріңізді ешкімге бермеңіз
  • Әлеуметтік желілердегі инвестициялық ұсыныстарды мұқият тексеріңіз
  • Алаяқтық байқалса, дереу банкке және құқық қорғау органдарына хабарласыңыз

Алаяқтар сеніммен ойнайды. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз!