Кербұлақ ауданында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» кеңінен аталып өтті.

Кербұлақ ауданында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» кеңінен аталып өтті.

Кербұлақ ауданында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» кеңінен аталып өтті.

Бүгін Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылындағы орталық саябақта «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.

«Бұл мереке еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Қазақстан халқының бірлігі мен татулығы жарасқан асыға күтер мерекелерінің бірі. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Баршаңызды айтулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздің егемендігі, ұлтаралық татулық пен келісім әрдайым берік болып, қашанда ынтымағымыз бен бірлігіміз мәңгі жасай берсін!» – деді аудан әкімі.

Бірлік пен келісімді нығайтуға, ауданның қоғамдық өміріне қосқан үлестері үшін түрлі сала мамандары мен ұлт өкілдері марапатталды.