2025 жылғы 17 сәуірде аудан әкімі Қанат Болатұлы Есболатов Талдыбұлақ және Қоғалы ауылдық округтерінде сәйкес халықпен кезекті тұрақты кездесулер өткізілді

2025 жылғы 17 сәуірде аудан әкімі Қанат Болатұлы Есболатов  Талдыбұлақ және Қоғалы ауылдық округтерінде   сәйкес халықпен кезекті тұрақты кездесулер өткізілді

Талдыбұлақ және Қоғалы ауылдық округтерінде өткен халықпен кездесулер барысында бірнеше маңызды мәселелер көтеріліп, олар бойынша атқарылған және жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат берілді. Талдыбұлақ ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып, 2025 жылы толық аяқталмақ, тұрғын үй мәселесі бойынша 3 жаңа үй беріліп, ішкі көше жолдарының жөндеуі жоспарланып жатыр, жайылымдық жерлер бойынша жұмыстар жүргізіліп, Бостан ауылында жер телімдерін жерге орналастыру жалғасуда. Қоғалы ауылында газбен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталуға жақын, су тасқынына қарсы шаралар қолға алынып, Тлеулес көшесіндегі көпір жөнделіп, қолданысқа берілді, Шаған ауылының ауыз су мәселесі шешілуде, көше жарығы орнатылды және Тастыөзек ауылындағы мәдениет үйі мен ауыз су жүйесіне қатысты жұмыстар жоспарланып отыр. Сонымен қатар, спорт кешені және инфрақұрылымдық жобалар бойынша ұсыныстар мен өзгерістер айтылды.

Кездесуден кейін аудан әкімі Қанат Болатұлы Есболатов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініш-ұсыныстарын тыңдап, тиісті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.