Кездесу барысында ауыл тұрғындарына 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен 2025 жылға жоспарланған нақты іс-шаралар туралы толық әрі жан-жақты ақпарат ұсынылды. Әкім ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, жүзеге асырылатын маңызды жобаларға тоқталды.
Атап айтқанда, 2025 жылы Көксу ауылында ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізу, Қосағаш ауылындағы көпірді жөндеу, сондай-ақ Көксу және Шұбар ауылдарында футбол алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған. Бұған қоса, Шұбар, Аралтөбе және Оңжас ауылдарының көшелеріне жарық шамдарын орнату және Шұбар ауылының ішкі көшелерін жөндеу жұмыстары қолға алынатын болады.
Сонымен қатар, Шұбар ауылында медициналық және ветеринариялық пункттердің құрылысы жүргізіледі. Ал Көксу ауылында жаңа амбулатория салу жұмыстары жалғасады.
Кездесуден кейін аудан әкімі Қанат Болатұлы Есболатов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініш-ұсыныстарын тыңдап, тиісті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.