2025 жылғы 5 сәуір күні "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Кербұлақ ауданы бойынша жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға ауылдық округтерден барлық мекемелер мен бөлімдер, сондай-ақ аудан тұрғындары белсенді түрде атсалысты. Сенбілік барысында аумақтарды тазалау, қоқыс шығару және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді таза әрі жайлы ету, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.