Кербұлақ ауданының орталық алаңында Наурыз мерекесі кең ауқымда аталып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі қатысып, жиналған көпшілікті көктем мерекесімен құттықтады.
Мерекелік іс-шара барысында 4 мектептің ұжымы театрландырылған қойылым көрсетіп, Наурыздың сән-салтанатын ерекше әсермен жеткізді. Сонымен қатар, Ә.Сарыбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Алаңда қазақ үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленді. Келушілерге дәстүрлі Наурыз көже ұсынылып, мерекенің ұлттық нақышы айшықталды.
Шара аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, мерекенің мазмұны байытылды.