
Аудан бойынша биылғы жылға 300 мың тонна шөп, 68 мың тонна сабан, 10 мың 600 тонна пішендеме, 40 мың 100 тонна мал азықтық жем жинау көзделуде. Ал қазіргі уақытта 119 мың 400 тонна шөп жиналды.
Айта кетейік, 2024 жылы ауданда 117 мың 399 гектар егістік жерді игеру жоспарланып, 26 мың 085 гектарына күздік бидай себілген. Бүгінгі күнге 26 мың 085 гектар алқап толығымен тырмаланды.
Одан бөлек, 70 мың 184 гектарға жаздық дәнді-дақылдар, 957 гектар алқапқа картоп, 700 гектарға қант қызылшасы себілді. Бұл дегеніміз өндіріс көлемі өткен жылға қарағанда 3 266 гектарға артығымен орындалады.
Қазіргі таңда ауданда жаздық дәнді-дақылдарды себу жұмыстары аяқталды. Бүгінгі күнге 70 мың 563 гектар алқапқа жаздық дәнді-дақылдар, 700 гектарға қант қызылшасы, 2 318 гектарға майлы дақылдар және
381 гектарға бақша дақылдары мен көкөніс толығымен егіліп бітті.
Сондай-ақ, биылғы жылға егістік алқаптарына қажетті минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге сұраныстар мен өтінімдер беріліп, аудандағы шаруашылық құрылымдарын тұқым дәрілейтін улы химикаттармен, пестицидтермен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Шегіртке тектес және басқа аса қауіпті зиянды организмдердің, өсімдік зиянкестерінің жаппай таралып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдеріне зиян тигізуіне жол бермеу мақсатында жұмыс тобы құрылған.
Айта кетер болсақ, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге биылғы жылға 515 тоннаға жанармайға келісім-шарт жасалынған. Бүгінгі күнге 1 160 тонна жанар май алынды.
Шаруа қожалықтарына көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай 250 теңгеден таратылды.
Қазіргі уақытта, ауыл шаруашылық техникаларын қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ететін 3 сауда орны жұмыс істейді. Оның екеуі Сарыөзек ауылында, біреуі Қоғалы ауылдық округінде орналасқан. Ауылдық округтердегі шаруашылық құрылымдарында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу кезінде техника қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы журналдар жүргізу және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау талаптары қойылған.