Бүгін "Жасыл аймақ" апталығы басталды

Бүгін "Жасыл аймақ" апталығы басталды

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясындағы «Жасыл аймақ» апталығы басталды. Бір күнде облыс көлемінде 1400-ден астам ағаш отырғызылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне сүйенсек, көгалдандыру шаралары облыстың барлық аудан-қалаларында белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінгі бір күннің өзінде 1401 түп ағаш отырғызылған. Олар негізінен жапырақ тұқымдас, қылқан жапырақты және жеміс ағаштары.

Мәселен, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында тұрғындар 850 түп қарағай ексе, Ақсу ауданы Есеболатов және Қарасу ауылдарында барлығы 150 түп алма ағашы отырғызылды. Сол сияқты Сарқан ауданы Алмалы және Амангелді ауылдық округтерінде шырша, алма және сирень ағаштары егілді. Бұдан өзге аудан-қалалардың барлығы да апталыққа белсенді қатысып, көшет отырғызумен қатар ағаштардың түптерін ағартып, парктер мен скверлердің, мекеме-ұйымдардың аумағына тазарту жұмыстарын жүргізді.  

Бұл жұмыстар апта бойы жалғасады.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді аудан-қала әкімдіктері ұсынған.