
1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ, бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
Осы орайда, бүгін Кербұлақ ауданында алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын өтті. Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен іс-шараға аудан әкімі Қанат Болатұлы Есболатов қатысып, аудан жұртшылығын мерекемен құттықтады.
«Шұғылалы көктем, Наурыз айының бірінші күні тойланып отырған «Алғыс айту» күні баршаңызға құтты болсын! Бүгін біз баршамызға ортақ мереке – Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз. Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі. Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін алғыс айту сезімі. Қайырымдылық, имандылық, мейірімділік, бауырмалдық, - деген ұстамдар біздер үшін әрқашан жоғары болған, болады да. Қазақта Алтын алма, алғыс ал, алтын деген –жер сыйы, Алғыс деген ел сыйы» деген нақыл сөз бар. Алғыс арқалағанның құты молайып, ырысы еселенеді дейді. Бір-бірімізге жақсылық тілейік ағайын. Құрметті ағайын, бауырлар! Әр шаңыраққа бақ-береке қонсын, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық орнасын. Халықтан алатын алғыстарымыз көп болсын деп аудан басшысы өз тілегін білдірді.
Сонымен қатар, жиында ауданымызда ұлттардың ынтымағын арттыруға қызмет етіп жүрген бірнеше азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, артынша Күреңбел театрының «Халықтың алғысы -Ұлы марапат» атты театрландырылған қойылымы көрсетіліп, ән шашулармен жалғасын тапты.
Жиын соңында аудандық Аналар Кеңесінің төрайымы Ақбасова Ғалия Ниязқызы және ауылдық округтердегі аналар кеңесі төрайымдарының ұйымдастыруымен мерекенің символдық дәмі ретінде «Құрт» жәрмеңкесі өткізілді.
Айта кетейік, аудан бойынша айтулы мерекеге орай ауылдық округтерде ұлттар достығын нығайтатын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде.
Отметим, что в честь знаменательного праздника в сельских округах тоже были организованы и проводились различные мероприятия, укрепляющие дружбу наций.