Басши ауылдық округі Басши ауылында «Ағаш егу» акциясы өтті.
Іс –шара мақсаты - туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдану және табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға, еңбекке баулу. Ағаштар да басқа өсімдіктер тәрізді, бірақ олар бірнеше ғасырға дейін өмір сүреді. Ағаштардың ауаны тазартудан басқа да пайдасы өте мол. Өйткені, әрбір тал күтімі жақсы болса, экологиялық ахуал жақсарып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Шара барысында Басши ауылында 50 түп қайың ағашы, 30 түп бозарша (туя) ағашы отырғызылды.