Аудан әкімі пошташыларды төл мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі пошташыларды төл мерекесімен құттықтады

Биыл «Қазпошта» мекемесінің құрылғанына 30 жыл толды. Ел мен елді, қала мен ауылды байланыстыратын пошта қызметінің сапалы болуы аса маңызды. Бұл салада өз міндетін мінсіз атқарып жатқан қарапайым жандар аз емес.
Осыған орай аудан әкімі Қанат Болатұлы пошта қызметкерлерін 9 қазан – пошташылардың төл мерекесімен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.

Дүниежүзілік пошта күні - Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде атап өтілетін халықаралық күндердің бірі.