СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ДАСТАРХАН МӘЗІРЕТІ ЖАСАЛЫНЫП ОЛАРҒА СЫЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.
Тыл еңбеккерлері бастарынан өткен қиын-қыстау кезеңді еске түсіріп, бейбіт заманда өмір сүріп жүрген жас ұрпаққа зор денсаулық тілей отырып, еліміздің еңсесін биік ұстар патриот азамат болуға шақырды. Тыл ардагері Баққожаев Нүсіпқожа де соғыстың кесірі көптеген айрандай ұйып отырған отбасыны асыраушысынан, ер жүректі ұлдарынан айырғандығын айтып, сол кезде ауыр жүктің басым бөлігі нәзік жандылардың мойнына жүктелгендігіне тоқталып кетті.
Басши ауылдық округ әкімі еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын. Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, ізімізді басып келе жатқан жастарымыз білімді, жігерлі болсын. Бейбіт заманды сыйлаған ата-бабаның ерлігі ешқашан ұмытылмайды деп ардагерлерді құттықтап өтті.