«Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы 11 мамырда сағат 10:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша) www. e-qazyna.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншіктегі нысанды сату жөнінде электронды аукцион өткізу туралы хабарлайды. Шұбар ауылдық округінің өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 09 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Қағида).
Аукционға сауда – саттықтың бағаны төмендету әдісімен өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі келесі обьект қойылады:
«Skoda Superb B6» маркалы автокөлік, мем.нөмірі 027 AW 05, 2012 жылы шығарылған. Мекен-жайы: Кербұлақ ауданы, Шұбар ауылы, Абай көшесі 49. Теңгерімұстаушы: «Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы 3 885 972,00 (Үш миллион сегіз жүз сексен бес мың тоғыз жүз жетпіс екі) теңге.Төмендетілген бағасы 1 942 986,00 (Бір миллион тоғыз жүз қырық екі мың тоғыз жүз сексен алты) теңге. Кепілдік жарна 582 896,00 (Бес жүз сексен екі мың сегіз жүз тоқсан алты) теңге.
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 8(72842) 50-0-41; 87057268856.