
Ауылдың ажарын ашатын іс-шаралар атқарылып келеді. Дегенмен де, ауылдың кейбір көшелерінде қоқыс пен үйінділерден көз ашпайтынымыз рас. «Ауылына қарап азаматын таны!» деген емеспе. Сайып келгенде, ауылдың тазалығы-денсаулықтың кепілі. Ауыл тазалығы-баршаға ортақ.
Сондықтан, әр тұрғын өздерінің ауласын таза ұстағаны жөн. Әр адам сенбілікке шығып, аз да болса өз үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі арта түсер еді. Ауданымыздағы тазалыққа бағытталған бұл науқандық жұмысқа ұйымшылдықпен жұмыла атсалысу-әрбір ауыл тұрғынының міндеті. Ауыл тұрғындарын көшеде, аулаларыңызда тазалық сақтауға шақырамыз! Сенбілікті ұйымдастыру әр сенбі сайын жалғасын табатын болады.