Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның нормаларын түсіндірді.

Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның нормаларын түсіндірді.
2022 жылы 5 қарашада ел Президенті «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға қол қойды.
Қазақстанның даму тарихында прокуратураның қызметін реттейтін нормативтік акт тұңғыш рет Конституциялық заң мәртебесінде қабылданды.
Жеке Конституциялық заңның қабылдануы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан бастамасының іске асырылуы болды.
Ол прокуратураның құқық қорғау қызметін нығайтуға, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын күшейтуге бағытталған.
Конституциялық заңмен Бас Прокурорға алғаш рет:
• Конституциялық сотқа Конституцияның 72-бабы 4-тармағының тәртібімен Конституция нормаларын, ратификацияланғанға дейін халықаралық шарттар мен нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарау;
• Жоғарғы сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша сот практикасы мәселелері туралы соттарға түсініктеме беру бойынша жүгіну құқығы берілді:.
Бұл новеллалар прокуратураның заңсыз құқықтық актілерге наразылық білдіру және оларды сот тәртібімен жою жөніндегі өкілеттіктерімен қатар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді.
Прокуратура органдарының тексеру негіздерін анықтайтын норма айтарлықтай өзгерді (Конституциялық заңның 18-бабы).
Мысалы, кәсіпкерлік субъектілер мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау тексеру тағайындау үшін қосымша негіз болды.
Прокуратураның адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі нақтыланды (Конституциялық заңның 29-бабы).
Бұдан былай прокуратура адам құқықтары жөніндегі Уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды және оның қызметіне көмек көрсетеді.
Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған кірістерді қайтару мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру шеңберінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізеді.