Бүгін аудан әкімінің ай сайынғы кезекті қабылдауы өтті

Бүгін аудан әкімінің ай сайынғы кезекті қабылдауы өтті

Қабылдауда жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі, білім саласын дамыту туралы мәселелер көтерілді.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді.

Тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігін түсіндірді.
Айта кетейік тұрғындар қабылдауға аудан әкімі апаратының жалпы бөлімі арқылы 31008 телефон нөміріне хабарласып немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.