Аудан әкімі Қарашоқы ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесуін өткізді

Аудан әкімі Қарашоқы ауылының  тұрғындарымен тұрақты кездесуін өткізді

Аудан әкімі Қарашоқы ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесуін өткізіп, жергілікті тұрғындың көтерген мәселелері мен сауалдарына жауап берді.
Әрбір ауыл, елді мекен назардан тыс қалмайды. Көтерілген мәселелер біртіндеп шешіледі.
Қазіргі таңда Қарашоқы ауылында "Спецстрой Групп ЛТД"‪ жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы 2022-2023 ж. Жобалау сметалық құжаттары реттеліп, республикалық бюджеттен қаражат қарастырылды. Тамыз айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 13 көшенінің қазба жұмыстары аяқталып, құбырлар тасталды. 12 көшенің қазба жұмыстары басталған болатын.