Жетісу облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ. Тұрсынбайдың аудандағы мемлекеттік қызметшілермен жоспарлы кездесуі өтті.

Жетісу облысы әкімі аппаратының  Әдеп жөніндегі  уәкілі Ғ. Тұрсынбайдың аудандағы мемлекеттік  қызметшілермен жоспарлы кездесуі өтті.

       Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде ауданымызға  Жетісу облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудандарда мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды мәселелері бойынша көшпелі қабылдау немесе жеке қабылдау мақсатында, әдеп жөніндегі уәкіл Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы келіп, кездесу өткізді. Аталған кездесуге аудан бойынша 72 мемлекеттік қызметші қамтылды.

       Сондай-ақ, кездесу барысында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен бекітілген жаңа редакцияда баяндалған Әдеп кодексінде туындайтын талаптар кеңінен түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

 

Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі

Досалбаев Ермек Сарқытбайұлы