Кербұлақ ауданында Жалпы республикалық "Халық заңгері" акциясы өтеді

Кербұлақ ауданында Жалпы республикалық "Халық заңгері" акциясы өтеді
Кербұлақ ауданында  Жалпы республикалық "Халық заңгері" акциясы өтеді
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін Кербұлақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында "Халық заңгері" кең ауқымды республикалық акциясы өтеді. Кездесуге келген ауданның кез келген тұрғыны адвокаттардан, нотариустардан, прокурор қызметкерлерінен, тергеушілерден, сот орындаушыларынан, полиция және  көші-қон полициясы қызметкерлерінен, мемлекеттік органдардан жоғары білікті заң кеңесін алады. Сонымен қатар, акцияға аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімі аппаратының құқық мәселелері жөніндегі инспекторы және аудандық бөлім басшылары қатысады. Көптеген азаматтар заңгерлерге ақылы көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ және осы акцияның арқасында біздің аудан тұрғындары осындай мүмкіндік алады. Акция қатысамын деген тілек білдіруші азаматтарды күтеміз.