
Аудан орталығы Сарыөзек ауылында, 1мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған "Ынтымақ, бірлік, келісім- ең басты байлық ел үшін " атты салтанатты шара өтті. Аудан әкімі М. Бигелдиев тұрғындарды мерекемен құттықтады.Жиналған қауым әр-түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен өнерін тамашалады. Шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.