
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесінде көп балалы отбасыға баспана берілді. «Архар» шаруа қожалығының басшысы Жетенов Талғат Нұрлыжанұлы 5 баланың анасы Бейсенбаева Раиса Өмірбекқызына 4 бөлмелі баспана кілтін тапсырды.
Қуанышы қойнына сыймаған Раиса Өмірбекқызы «Архар» шаруа қожалығының басшысы Жетенов Талғат Нұрлыжанұлына шексіз алғысын жеткізді.
«Бүгінге дейін баспана қиыншылығын көп көрдік. Жұбайыммен және 5 баламен пәтер жалдап күн кештік. Бір балам студент, үшеуі оқушы, ал кішісі 6 жаста. Енді өзіміздің жеке үйіміз бар. Талғат Нұрлыжанұлына рахмет. Көп балалы ана деп ескеріп, осындай үйдің кілтін табыс етіп отырғанына», -деді батыр ана.
«Міне бүгін осындай көп балалы отбасына, ауылымыздың мейірімді жандарының бірі, баспана кілтін табыстап отыр. Жәрдемдесуге мүмкіндік болса, неге көмектеспеске?! »-, дейді ауыл ақсақалы
Сонымен қатар бұл отбасыға Кербұлақ ауданының «Зекет» қоры атынан ақшалай көмек көрсетілді.
Айта кетсек Кербұлақ ауданында наурыз айында бастау алған қайырымдылық іс-шара әліде жалғасуда.