Алматы облысында Отбасы күніне арналған «Әкем, анам және мен » атты спорттық ойындар өткізілді

Алматы облысында Отбасы күніне арналған «Әкем, анам және мен » атты спорттық ойындар өткізілді

Кербұлақ ауданында Халықаралық отбасы мерекесіне орай, аудандық спорт кешенінде «Әкем, анам және мен» атты аудандық спорттық  жарыс ұйымдастырылып  өтті.
Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттін рухани құндылықтарының қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1993 жылғы қыркүйек айының 20-ші жұлдызында өз революциясымен мамыр айының 15-сін Халықаралық отбасы күні ретінде анықтады. Қазақ салтында отбасы тәлімі ерекше дәстүр. «Отан- Отбасынан басталады» деген нақыл сөз бекер емес. 
     Халықаралық отбасы мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған  осындай іс-шараға ауданымыздан  9 команда қатысты, атап айтсақ  49 орта мектебі, Сарыөзек орта мектебі және Көксу, Талдыбұлақ, Қоғалы, Қаспан, Алтынемел, Шанханай, Сарыбастау  ауылдық округтерінің кұрама командалары қатысты. Тартысты жарыста 1 орынды Сарыөзек орта мектебінің «Барыс» командасы иеленсе, 2 орынды 49 орта мектебінің « Арыстан» командасы және 3 орынды Көксу округінің «Қыран» командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылып, дипломдармен марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары Б.Момбаев қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді.