Құрметті Кербұлақ ауданының тұрғындары

Құрметті Кербұлақ ауданының тұрғындары
Сіз цифрлық әлемнің барлық мүмкіндіктерін пайдаланғыңыз келе ме? Онда Сізді цифрлық сауаттылықты арттыру курсына шақырамыз. Ол жерде Сіз:
- интернет және мобильдік гаджеттердің мүмкіндіктері туралы;
-деректерді сақтау, беру тәсілдері және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы біле аласыз.
Сонымен қатар:
- онлайн режимде тауарларды сатып алу, сату және қызметтер көрсетуді;
- мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуды;
- мемлекеттік органдардың ашық деректерін тауып, оларды өз жұмысыңызда қолдануды үйренесіз.
Курс 2019  жылдың 01-31 шілде аралығында, Кербұлақ ауданы бойынша мектептер мен кітапханалар базасында өтеді. Оқыту орнын білу үшін  8 (7282) 40-11-60,  8 (72842) 96-0-01 нөміріне хабарласуды сұраймыз.
Цифрлық Қазақстан – жаңа мүмкіндіктерге ұмтыл!