2021 жылдың 10 қарашасында Кербұлақ аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

2021 жылдың 10 қарашасында Кербұлақ аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы  өткізілді
Отырыс барысында төмендегідей мәселелер қаралды:
1. Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының мемлекетті қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы жүргізілген жұмыстар туралы есебі.
2. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы атқарған жұмыстары туралы есебі.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша:
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ағымдағы жылдың 22-қарашасына дейін, аудандық сервистік әкімдікте қоғамдық қабылдау өткізіп, ақпаратын Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөліміне тапсыруы ұсынылды.