2021 жылғы 9 қарашада аудан әкімі Ғ.Сарыбаевтың төрағалығымен жиын өтті.

2021 жылғы 9 қарашада аудан әкімі Ғ.Сарыбаевтың төрағалығымен   жиын  өтті.

2021 жылғы 9 қарашада аудан әкімі Ғ.Сарыбаевтың төрағалығымен аудан аумағында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың мердігерлері, техникалық және авторлық қадағалаушыларымен күрделі жөндеу жұмыстарыны барысы туралы жиын өтті. Жиында Қоғалы ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысының мердігері «Авторемстрой ЛТД» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Муз Тау» ЖШС және авторлық қадағалаушы «Jer Group» ЖШС; Ш.Уәлихановтың "Алтынемел" мемориалды музейі жанындағы ғылыми орталықтың күрделі жөндеу жұмысының мердігері «SCS Инжиниринг» ЖШС өкілі және Сарыөзек ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу мәселесі бойынша «Көлсай Строй» ЖШС-нің өкілдерімен құрылыс жұмыстарының өту барысы талқыланды.