Қызмет алушылармен кері байланыс

Қызмет алушылармен кері байланыс
Кербұлақ ауданы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру, жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне шағымдану фактілерінің санын азайту мақсатында дәлелді бас тартуды ұсынған жағдайда, қолжетімді байланыс құралдарын пайдалану арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушілермен кері байланыс орнату практикасы енгізілді.
Мемлекеттік қызметті көрсетушінің міндеті:
- Дәлелді бас тарту себебтерін қолжетімді нысанда түсіндіру;
- Дәлелді бас тартуға шағымдану тәртібін түсіндіру;
- Дәлелді бас тарту бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстарын есепке алу журналын жүргізу.