Құрметті ауыл тұрғындары

Құрметті ауыл тұрғындары

Сарыөзек ауылының айналма жолында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты айналма жол қарашаның 9-нан бастып 19-на дейін уақытша жабылады. Ауыр жүкті көліктерге айналма жолда қосымша жол жасау мүмкіндігі болмағандықтан көліктер Сарыөзек ауылының ішкі жолдары арқылы өтетін болады. Түсіністікпен қарауларыңызды және ауылдың ішінде жол қауіпсіздігін сақтауларыңызды сұраймыз. Осы аралықта бұзылған ішкі жолдар болса "Қазақавтожол " акционерлік қоғамы жолдарды қалпына келтіретін болады.