КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аудан әкімі Ғ.Сарыбаев Сарыөзек ауылындағы №19 Өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғаныс сержанты Санжар Жақсылықбайға жекпе-жектен өткен Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтап, Кербұлақ ауданының спорт саласына өзіндік үлес қосып, айтулы додаларда топ жарып, аудан намысын қорғап жүрген және толағай табыстарға жеткені үшін Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлық берді. Спорт шеберіне алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.