«Сапалы қызмет көрсетуші мекеме» сайысы өтті

«Сапалы қызмет көрсетуші мекеме»  сайысы өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің және Алматы облысы әкімдігінің бастамасымен, аудан әкімінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және «23-маусым Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында ауылдық округ әкімдіктері арасында «Сапалы қызмет көрсетуші мекеме»   сайысы өтті.

Сайысқа 15 ауылдық округі әкімдіктері қатысты.

1-орынды «Жоламан ауылдық округі әкімдігі» М.М.

2-орынды «Қарашоқы ауылдық округі әкімдігі» М.М.

3-орынды «Қаспан ауылдық округі әкімдігі» М.М. иеленді.

Сарыбастау және Қоғалы ауылдық округі әкімдігі белсенді қатысқандары үшін дипломдарын алды.

Жүлделі орынға ие болған ауылдық округ әкімдіктері аудан әкімінің дипломдарымен, сыйлықтармен марапатталды.