2021 жылғы 18 маусым «Ашық есік күні» - болашаққа деген қамқорлықпен

2021 жылғы 18 маусым  «Ашық есік күні» - болашаққа деген қамқорлықпен

«Ашық есік күні» - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Алайда коронавирус (Covid-19) індетіне байланысты салымшылармен қазір Қор филиалдарында бетпе-бет кездесу өткізу мүмкін емес. Сондықтан БЖЗҚ қызметкерлері оны кезекті рет виртуалды кеңістікте өткізді.

Кез-келген адам онлайн-платформаның көмегімен үйінен шықпай-ақ онлайн-іс-шараға қосылып, «Ашық есік күніне» қатыса алды.

Іс-шараның тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!». Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) азаматтар үшін құрметті демалысқа шыққан кезде қосымша қаржылық қолдау болып табылады. Биылғы жыл ЕЗЖ дамыту мәселесінде оңтайлы болды. Заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістер өз болашағы туралы бүгіннен бастап ойланатын салымшыларға көптеген артықшылықтар әкелді.

 Осыған байланысты, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығы есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді. Бұған қоса, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жыл ішінде талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомаларын БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есептелетін жеке зейнетақы шоттарына есепке алу үшін аудару тәртібін ережелейтін заң нормалары қолданысқа енгізілді. 

  Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алушылардың тізімі кеңейді. Атап айтқанда, ЕЗЖ бойынша зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да кемінде бес жыл жатқан салымшылар енді жас мөлшерлеріне  қарамастан төлемдерге үміт арта алады. 

«Ашық есік күні» іс-шарасына қатысқан салымшылар осындай жаңашылдықтар туралы біліп қана қоймай, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыларын да есептеп көрді. Олар ЕЗЖ-ны үнемі толықтырып отыру арқылы БЖЗҚ-дан алатын төлемдерін едәуір арттыруға болатынына да көз жеткізді. Қор кеңесшілері салымшыларға ЕЗЖ бойынша өз шоттарын қалай толықтыру керектігін жеткізді, енді  жеке зейнетақы шоты  алғашқы ерікті жарна төленген кезде автоматты түрде ашылады.

Еліміз бойынша өткізілген іс-шараға  қатысушылар саны жағынан жоғары көрсеткішке ие болды, олардың әрқайсысы «Ашық есік күні» шарасының электрондық форматта ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырып жатты. Көптеген қатысушылар ЕЗЖ бойынша өз шоттарын ашуға ниеттерін  білдірді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).