«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»

«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»

Баспасөз анонсы

«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 18 маусым күні онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ, қатыса алады.

Іс-шара тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!» деп аталады. Іс-шараның негізгі мақсаты ерікті зейнетақы жарналарын насихаттау. Қазіргі уақытта заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді, олар жинақтау мәдениетін дамыту үшін тамаша ынталандыру болмақ.

Мәселен, жыл басынан бері салық агентінің (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жыл ішінде талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомаларын БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есептелетін жеке зейнетақы шоттарына есепке алу үшін аудару тәртібін ережелейтін заң нормалары да қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ, ең маңызды жаңалықтардың бірі алғашқы ерікті салым жасалған кезде ЕЗЖ шоттарының автоматты түрде ашылуы болды.

Бұған қоса, аталмыш іс-шараның мақсаты – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру.  

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 18 маусым сағат 10:00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек (
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e2e3d5b7f96085cddcf6154701dc5f4ed
). Содан кейін event-мәжіліс нөмірі (1846602794) мен event-мәжіліс паролін енгізіңіз: (18052021).

 

Сіздерді асыға күтеміз!