АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ
«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы, аудан әкімі Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық саяси кеңес және бюро мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен шақырылған делегаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Онлайн-офлайн форматта өткен конференция барысында аудандық партия филиалының төрағасын сайлау, аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы, аудандық Саяси Кеңес құрамын бекіту және Алматы облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды. Конференция барысында аудан әкімі Ғ. Сарыбаев аудандық партия филиалының төрағасы болып, бірауыздан сайланды.
Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланды.