Кербұлақ аудандық Ә.Сарыбаев атындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін өз көрермендері үшін есігін қайта ашты.

2020 жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 320 млн 337 мың теңге қаражат бөлінген. Оған ғимараттың қабырғасы, шатыры, электрмен қамтамасыз ету жүйелерін жаңарту бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қолдауымен облыстық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Мәдениет үйінің материалдық техникалық базасы жаңартылды. Көрермендер залындағы орындықтар, музыкалық аппаратуралар, кеңсе техникалары, LED экрандар мен жарық беру құралдары сатып алынды.
Қазіргі уақытта, Ә.Сарыбаев атындағы Мәдениет үйінде 16 және «Күреңбел» фольклорлық ән-би ансамблінде 13 жұмысшы еңбек етуде.
Жалпы қызметкерлер саны 51 адам.