Дипломмен-ауылға!

Дипломмен-ауылға!

Дипломмен-ауылға!

"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қазанда № 21345 болып тіркелді.

Мемлекеттік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жалақыны арттырудан басқа, әлеуметтік кепілдіктерді қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілер үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау мақсатында, жоғары кәсіби қызметшілер өздерінің ұзақ мерзімді мансабын мемлекеттік аппаратпен байланыстыруы үшін мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру және өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды күшейту үшін.
2020 жылы кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуді көздейтін Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осылайша, ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың кадрлар тапшылығын жою мақсатында "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы енді мемлекеттік қызметшілерге де қолданылады. Аталған шара "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 56-бабының 12-тармағында көзделген.
Осы мемлекеттік қызметті аудандық "Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі көрсетеді. Бұл қолдауға ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бас және жетекші мамандары үміткер бола алады.
Бағдарламаға қатысушыларға:
1) ауылдық елді мекенде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 15 жыл мерзімге, 0,01% мөлшерлемемен, 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік кредит;
2) 100 айлық есептік мөлшеріндегі біржолғы көтерме жәрдемақы (қайтарымсыз) беріледі.
Әлеуметтік қолдау көрсету шарттары, ол бұрын берілген кредиттер бойынша берешектің болмауы және ауылдық округте кемінде 3 жыл жұмыспен өтеу қажеттілігі.