Соңғы тәулікте КВИ-мен сырқаттанудың 93 жағдайы тіркелді

Соңғы тәулікте КВИ-мен сырқаттанудың 93 жағдайы тіркелді

2021 жылғы 19 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы облысы "сары" аймақта орналасқан, КВИ-дің 8284 жағдайы тіркелді.

Соңғы тәулікте 93 жағдай тіркелді. Оның ішінде Талдықорған қаласында - 26, Қаратал ауданында - 10, Панфилов ауданында – 9, Талғар және Іле аудандарында – 7-ден, Ұйғыр ауданында - 5, Еңбекшіқазақ және Көксу аудандарында – 3-тен, Қарасай және Кеген аудандары мен Қапшағай қаласында – 2-ден, Алакөл, Ақсу, Балқаш және Жамбыл аудандарында 1 жеректен тіркелді.

Ауруханаларда 543 адам емделуде, оның ішінде 42 адамның жағдайы ауыр, 366 адам амбулаториялық ем алуда.

"Сары" аймаққа кіруге байланысты 18 қаңтардан бастап қосымша карантиндік шаралар енгізілді.