
«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында, «Спорт – есірткіге қарсы!» ұранымен және Отбасы күніне орай ауданымызда «Әкем, анам және мен – спорттық отбасымыз» атты аудандық кешенді отбасылық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көңілді әрі тартысты түрде өтті!
Салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақты нығайту мақсатында өткен спорттық додаға әр ауылдық округтен белсенді, ұйымшыл отбасылар қатысып, өзара бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал бүлдіршіндерге спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тегін доптар табысталды.