Доланалы ауылында шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңы ел игілігіне берілді

Доланалы ауылында шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңы ел игілігіне берілді

Доланалы ауылында шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңы ел игілігіне берілді

2026 жылғы 11 тамызда аудан әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы Жайнақ батыр ауылдық округіне қарасты Доланалы ауылында жаңа балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Аталған нысандардың ел игілігіне берілуі ауыл тұрғындары үшін ерекше қуанышқа айналды. Әсіресе, балалардың қуанышы жүздерінен көрініп, жаңа ойын алаңы мен шағын футбол алаңының ашылғанына ауыл халқы ризашылығын білдірді.

Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, игі тілегін жеткізді. Мерекелік шара ауыл өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасып, әннен шашу шашылып, күй күмбірледі. Көңілді әуен мен көтеріңкі көңіл-күйге ұласқан шара ауыл тұрғындарына ерекше мерекелік әсер сыйлады.

Жаңа спорт және ойын алаңдары балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен тұрақты айналысуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына қолайлы жағдай жасайды.