Аудандық Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызметші – ел сенімінің тірегі» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында аудан әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бірқатар мемлекеттік қызметшіге марапаттар табысталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздары көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында патриоттық және эстрадалық әндер орындалып, мерекелік атмосфера қалыптасты.